Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің орнына оның қызметтік міндетін уақытша Қуаныш Асылов атқаратын болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Агенттіктің мәліметінше, Руслан Берденов қазіргі уақытта жарақат алып, ауруханада жатыр. Ол қаладағы құрылыс, сәулет, жер қатынастары мен қала құрылысы салаларына жетекшілік еткен.
Аталған бағыттар уақытша Қуаныш Асыловтың бақылауына өтті. Ол 2023 жылдың қаңтар айында Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор ретінде жұмыс істеген.