Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты адвокаты пікір білдірді
Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты адвокаты пікір білдірді

25.12.2023
1 мин
0
237
Фото: instagram.com/aitym

Бүгін Салтанат Нүкенованың өмірден өткеніне 40 күн толды. Бұл туралы адвокат Жанна Уразбахова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Адвокат өзінің осы уақытқа дейін Салтанаттың ағасы Айтбекпен тәулік бойы хабарласып тұрғанын жазған.

"Біз Салтанаттың ағасымен бірден тіл табысып кеттік. Ол өзінің қайғысына қарамастан, еріктілерімен бірге қазір өмірлік қиын жағдайға тап болған көптеген әйелдерге көмектесіп жатқанын бәріңіз білесіздер. Кейде тіпті олардың өмірін сақтап та қалады. Бұған дейін біз бұл іс бойынша түсініктеме бермедік, әріптесім Игорь Вранчев екеуміз өз жұмысымызды атқардық", - деді ол.

Адвокат осы уақыт аралығында таралған қауесеттер мен пікірлерге байланысты бірде-бір пікір, түсініктеме бермегенін де айтты.

"Олар арыз жазып, анықтама беріп, тергеу амалдарын жүргізді. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері өз брифингінде журналистерге ақпарат берді, біз бұл туралы түсініктеме бермедік. Сондай-ақ, алғашқы күннен-ақ кейбір блогерлер мен журналистер тарапынан көптеген қауесеттер, болжамдар мен нұсқалар орын алғанына қатысты пікір білдірмедік. Салтанат үшін мұндай "лас істердің" ешқайсысына мән бермейміз", - деді ол.

Сондай-ақ, екі тараптың татуласпайтынын атап өтті.

"Маңыздысы - екі ортада ешқандай татуласу болмаған және болмайды да. Бұл - Салтанаттың отбасының ұстанымы. Осы іске қатысты ұстанымдарыңыз үшін көпшілікке және журналистерге алғысымды білдіремін. Бірінші күннен-ақ мемлекеттік қызметкерлерді босаңсуға жол бермей, петицияға қол қойып, Салтанаттың суретімен дүние жүзіндегі митингілерге шығып, әділ сот, сапалы тергеуді талап еттіңіздер. Сіздердің әрбір әңгімеңіз, Салтанат туралы жазылған әрбір жазбаңыз маңызды екенін атап өткім келеді", - деді ол.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл