| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза самокаттарды пайдалану тәртібін нақтылайтын заң жобасы дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жұмыс тобында пікір екіге бөлінген: бір топ самокаттарды тек тротуарларда қолдану керек деп санаса, екінші топ оларды автожолда да жүруі мүмкін деп есептеген.
Депутаттың пікірінше, самокат тебетіндерді автожолға шығару қауіпті, себебі бұл көліктің жылдамдығы жоғары болатын жерлерде апатқа ұшырау қаупін арттырады және жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан бұл жолға рұқсат берілмеуі тиіс.
Заң жобасын Мәжіліс 2026 жылы жалпы отырысында талқылауға шығаруы мүмкін.