Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Санақтан онлайн өткендер саны 5 миллионнан асты
Жаңалықтар

Санақтан онлайн өткендер саны 5 миллионнан асты

23.09.2021
1 мин
0
1077

Елімізде халық санағынан онлайн өткендер саны 5 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 26,3 пайыз болды, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі. 

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 5 003 105 респондент онлайн санақтан өткен. Олардың 4 323 686-сы sanaq.gov.kz сайтында, 484 878 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 194 541 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысқан.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 603 743 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 527 233 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 437 656 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 136 773 және 133 377 адам санақтан өтіпті.

Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 43 пайызы сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823 052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 35,9 пайызы бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749 754 адам тіркелген).

"Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады. Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы жұмыс істейді. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін", - делінген хабарламада.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл