Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сақ болыңыздар: алаяқтар жаңа айла ойлап тапты
Жаңалықтар

Сақ болыңыздар: алаяқтар жаңа айла ойлап тапты

18.12.2025
мин
0
690

Алаяқтар жаңа айла қолдануда. Азаматтар өздері байланысқа шығып, киберқауіпке ұшырауы мүмкін. Полиция мен Бас прокуратура азаматтарға сақтық шараларын ұсынады және тек ресми байланыс нөмірлері арқылы ғана хабарласуды ескертеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралуда. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының және шетелдік дереккөздердің мәліметтеріне сүйенсек, қаскүнемдер жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан әртүрлі хабарламалар мен SMS-хабарламалар жіберіп, азаматтарды өздері қайта қоңырау шалуға итермелеуде. Мұндай тәсілдер азаматтардың қырағылығын төмендетіп, қауіптің алдын ала байқалмауына әкеледі. Алаяқтар “авторизациядағы қате”, “домофонды ауыстыру”, “есептегіштерді тексеру” сияқты сылтаулармен азаматтарды өз еркімен байланысқа шығуға мәжбүрлейді.

Салдарынан еш күмәнданбаған тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда қаскүнемдер сенімге кіріп, жеке деректерді, банк мәліметтерін алуға немесе қаржылық шығын келтіруге бағытталған әрекеттер жасайды.

Алдын алу мақсатында полиция мынадай сақтық шараларын ұсынады: беймәлім хаттарға, хабарламалар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау; ұйымдардың тек ресми сайттарында көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы ғана қоңырау шалу; екі факторлы аутентификацияны пайдалану; банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде тұлғаларға бермеу.

Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар. Өз қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/saq-bolyngyzdar-alayaqtar-zhanga-ajla-tapty/

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл