| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдың алғашқы айларында Қазақстандағы сауда өсімі бәсеңдеді. Сарапшылар ірі дүкендердің жеке кәсіпкерлердің нарықтағы үлесін қысқартуы сауда секторындағы баяу өсімге себеп болып отырғанын айтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Статистикаға сәйкес, 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында ішкі сауда көлемі 9,7 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тек 3,4% өскен. Бұл көрсеткіш 2021 жылдан бері тіркелген ең төмен өсім болып отыр.
Көтерме сауда көлемі 6,54 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсімі 3,8% болды. Соның ішінде 78,1%-ы өндірістік-техникалық және азық-түлікке жатпайтын тауарлар. Бөлшек сауда 3,16 трлн теңгеге жетіп, өсімі 2,6% ғана болды.
Маман пікірінше, өсімнің баяулауының бір себебі — ірі сауда орындарының нарықтағы үстемдігі. Олар жеке кәсіпкерлердің үлесін қысқартып, сауда орталықтары мен супермаркеттер арқылы сатылымға басымдық беруде. Нәтижесінде базар мен шағын сауда орындарындағы айналым 1%-ға төмендеген.
Бөлшек сауданың құрылымына қарасақ, жеке меншік компаниялар 2,76 трлн теңге (87,3%), ал шетелдік қатысуы бар компаниялар 402,4 млрд теңге (12,7%) үлесін алып отыр. Сарапшылар бұл тенденция шағын бизнеске қысым жасап, сауда нарығындағы теңгерімді бұзуы мүмкін деп ескертеді.