Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сәуірден бастап жылу мен жарық ақысы қымбаттай ма? Энергетика вице-министрі жауап берді
Жаңалықтар

Сәуірден бастап жылу мен жарық ақысы қымбаттай ма? Энергетика вице-министрі жауап берді

19.02.2026
мин
0
78
Сурет: BAQ.kz

Елімізде 1 сәуірден бастап коммуналдық төлемдер өседі деген ақпарат қоғамда қызу талқылануда. Бұл мәселеге Энергетика вице-министрі ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жылу мен жарық тарифтерінің ықтимал өзгерісіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тарифтерді көтеру жөнінде нақты шешім қабылданбаған.

- Қалай және қаншалықты өзгеретіні туралы нақты шешім жоқ. Біз бұл мәселені Ұлттық экономика министрлігі әріптестерімен бірге қарастырып жатырмыз, – деді ол Сенат кулуарында.

Сондай-ақ вице-министр коммуналдық қызмет тарифтерін бекіту құзыреті Табиғи монополияларды реттеу комитетіне тиесілі екенін атап өтті. Сондықтан түпкілікті шешім осы органның қарауында.

Оның сөзінше, ықтимал өзгерістер инфляциялық дәліз шеңберінде болуы мүмкін. Ал нақты тетіктер қоғамдық талқылаудан кейін жарияланады.

Генерация тарифіне қатысты да пікір білдірген ведомство өкілі қазіргі уақытта оны көтеру жоспарланбағанын жеткізді. Алайда шығындардың құрамдас бөліктері артқан жағдайда бұл мәселе қайта қаралуы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Астана және Алматы тұрғындары жылу ақысының өскеніне қатысты шағым айтқан болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл