Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Саусақтары күйіп, денесі тырысып қалды”: Талдықорғанда Kaspi терминалынан баланы тоқ соқты
Жаңалықтар

“Саусақтары күйіп, денесі тырысып қалды”: Талдықорғанда Kaspi терминалынан баланы тоқ соқты

22.04.2025
1 мин
0
460

Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы дүкендердің бірінде Kaspi терминалына қолын тигізген баланы тоқ ұрғаны түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Видеоны зардап шеккен баланың анасы жариялап, көпшілікті сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқиға Талдықорғандағы Seven дүкенінде болған. Видеода баланың алдымен дүкеннің кіреберісіндегі есікті ұстап, кейін оң қолын терминалға қарай созғаны көрінеді. Сол сәтте оны тоқ соққан. Абырой болғанда, жанындағы әйел баланы дер кезінде құтқарып үлгерген.

Бала жарақат алған кезде жанында болған анасы Назым Адилова ашық тоқ сымдарының болмағанын айтты.

- Кеше ұлымды Kaspi терминалы тоқ соқты. Терминал сырт көзге қауіпсіз көрінді, ашық сымдар байқалмады. Балама УДЗ мен ЭКГ жасалды. Ұлым қатты жарақат алып, шошынып қалды. Ана ретінде мұндайды ешкімнің басына тілемеймін. Жаным ауырады. Қазір балам қатты қорқып жүр, жылап қоя береді. Саусақтары күйіп, ауырып тұр. Тоқ ұрған сәтте денесі тырысып, қатып қалды. Психологиялық тұрғыдан үлкен соққы алды, – дейді Назым Адилова.

Анасының айтуынша, зардап шеккен бала 7 жаста және 1-сыныпта оқиды. Дәрігерлер қазір толық тексеріс жүргізіп жатыр, нақты диагноз кейін белгілі болмақ.

- Жағдайы әзірге тұрақты. Осы апта соңына дейін ауруханада боламыз. Денсаулығы жайлы толық ақпарат кейінірек беремін. Абай болыңыздар, қауіп ескерусіз келмейді! – деді Назым Адилова.

Талдықорған қалалық денсаулық сақтау басқармасы да баланың қазіргі уақытта облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алып жатқанын растады.

- Бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Қосымша мәліметтер ата-анасының келісімінсіз жарияланбайды, – деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, Жетісу облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Кәмелетке толмаған баланың жарақат алуына себеп болған, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өнімді шығару, сату немесе қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қауіпсіздік стандарттары мен құрылғыны орнату ережелерінің сақталуы тексеріледі. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деді полиция өкілдері.

Оқиғаға қатысты Kaspi.kz те өз мәлімдемесін жасады.

- 21 сәуір күні Талдықорғанда азық-түлік дүкенінің ауласында орнатылған Kaspi терминалының металл торы мен корпусына қол тигізген баланы тоқ соқты. Болған жағдайға өкініш білдіреміз. Балаға қажетті барлық көмекті көрсетудеміз, отбасымен тығыз байланыстамыз. Абырой болғанда, өміріне қауіп жоқ. Мамандарымыз оқиға орнына дереу барып, мән-жайды мұқият зерттеуде, – делінген компания таратқан хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл