Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сайлау 18:00-дегі мәлімет: Азаматтардың 53 пайызы өз таңдауын жасады
Жаңалықтар

Сайлау 18:00-дегі мәлімет: Азаматтардың 53 пайызы өз таңдауын жасады

19.03.2023
1 мин
0
1085

Орталық сайлау комиссиясы 18.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың қанша пайызы дауыс бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11%-і немесе 6 390 046 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Оның ішінде:

1. Ақмола облысы бойынша – 59,49%

2. Абай облысы бойынша – 56,14%

3. Ақтөбе облысы бойынша –56,88%

4. Алматы облысы бойынша – 59,74%

5. Атырау облысы бойынша – 49,19%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,00%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,07%

9. Қарағанды облысы бойынша – 58,85%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,00%

11. Қызылорда облысы бойынша – 65,70%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,61%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46%

15. Түркістан облысы бойынша – 51,07%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,63%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%

18. Астана қаласы бойынша – 40,94%

19. Алматы қаласы бойынша – 22,95%

20. Шымкент қаласы бойынша – 43,89%.

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге екі сағат уақыт қалды. Сайлау учаскелері елорда уақытымен 20.00-де жабылады.

Республика бойынша барлығы 10 223 сайлау учаскесі құрылған, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте орналасқан. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 млн 32 мың 550 қазақстандық енгізілген.

Биылғы парламент сайлауында халық тек саяси партияларға ғана емес, бір мандатты округтер бойынша түсетін нақты кандидаттарға да дауыс береді.

Фото: Egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл