Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сайлау: Кандидаттарды тіркеу аяқталды
Жаңалықтар

Сайлау: Кандидаттарды тіркеу аяқталды

25.10.2022
1 мин
0
683

Орталық сайлау комиссиясы президент болуға үміткер алты кандидатты ресми түрде бекітті, деп хабарлады «Хабар 24». Тізімде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, оппозиция өкілі Нұрлан Әуесбаев және Салтанат Тұрсынбекова бар.


Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық сайлау комиссиялары әр кандидатты насихаттайтын баспа материалдарына қажет стенд, билборд секілді орындарды теңдей қып белгілеуі тиіс. Ал, сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бүгін сағат 18:00-де басталды.


 Үгіт-насихат негізінен үш тәсіл арқылы жүргізіледі. Кандидат өз бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарата алады. Сондай-ақ кандидаттардың өзі және сенім білдірілген адамдары сайлаушылармен кездеседі. Радио арқылы да үгіт жүргізуге мүмкіндік беріледі.


Ал қарашаның жиырмасында Қазақстан халқы өз президентін таңдайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл