| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
23 тамызда өтетін Құрылтайға қатыса алмайтын Қазақстан азаматтары арнайы себептерге байланысты өздері орналасқан жерде дауыс бере алады. Бұл үшін учаскелік сайлау комиссиясына алдын ала жазбаша өтініш беру қажет, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құрылтай күні сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға заңнамада дауыс берудің баламалы тәртібі қарастырылған. Мұндай мүмкіндік денсаулық жағдайына, сырқат отбасы мүшесіне күтім жасауына немесе шалғай әрі қатынауы қиын елді мекенде болуына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын сайлаушыларға беріледі.
Ол үшін сайлаушы өзі тіркелген сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жолдауы тиіс. Өтініш қабылдау мерзімі – дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ге дейін.
Өтініш негізінде учаскелік сайлау комиссиясының екі мүшесі арнайы тасымалданатын дауыс беру жәшігімен сайлаушының орналасқан жеріне барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырады.
Дауыс беру барысында байқаушылар мен сенім білдірілген адамдар комиссия мүшелерімен бірге жүруге құқылы. Ал сайлау бюллетені азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты көрсету және жазбаша өтініш негізінде беріледі.
Осылайша, әрбір азамат өзінің конституциялық дауыс беру құқығын сайлау учаскесіне келе алмаған жағдайда да жүзеге асыра алады.