Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Семей қаласында теміржол бойында қайғылы жағдай тіркелді. 14 сәуір күні "Жансая" базары маңындағы Дулатов көшесінің бойында орналасқан теміржол өткелінде әйел адам жүк пойызының астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан әйелдің тоқтап тұрған пойыздың вагондарының арасымен өтпек болған сәті анық көрінеді. Алайда дәл сол кезде пойыз қозғалып кетіп, әйелді басып кеткен. Куәгерлер оны рельстің астынан алып шығуға тырысқанымен, ауыр жарақат алған әйел сол жерде көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
– Семей стансасындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша (“Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу”) тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – делінген ведомство таратқан мәліметте.
Мамандар теміржол өткелінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салады.