Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды
Жаңалықтар

Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды

08.12.2023
1 мин
0
896
Фото: polisia.kz

Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды. Күдікті азамат УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Dauletten.kz, Polisia.kz сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде ер адамның көшеде келе жатқан қызға шабуыл жасағаны жайында видео тараған. Дер кезінде жеткен Абай облысының учаскелік полиция инспекторы баланы мас ер адамның қолынан аман алып қалған. 7 желтоқсан күні Семей қаласында учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде шыққан қыздың дауысына дер кезінде ден қойды. Қыздың даусы шыққан жерге жеткен полиция қызметкері азиялық келбеті бар ер адамның 11-12 жас аралығындағы қызды ұстап тұрғанын және үйдің кіреберісіне күшпен кіргізуге тырысып жатқанын көрген. Учаскелік полицей қызды өзін басқара алмай тұрған мас адамның қолынан босатып, өз жағына тартып, оны қорғаған.

Анықталғандай, бала Семей қаласының мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды. Қарағайлы шағын ауданының үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес ұсталған ер адам “орташа дәрежелі” мас күйінде болған.

Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраевтің уақытылы әрекет етуінің арқасында бала зардап шекпеген және ата-анасына тапсырылған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады. 

Абай облысы полиция департаменті ата-аналарды ерекше қырағылық танытуға және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдауға шақырады.

 

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл