Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Сенат қыздырылатын темекі өнімдерінің акциз мөлшерін көтеруді қолдады

23.06.2022
1 мин
0
322

Парламент сенатының депутаттары темекіге және темекі өнімдерінің басқа да түрлеріне акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеруді көздейтін заң жобасын екі оқылымда қолдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы және «Қазақстан Республикасының Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» заңды ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

Заң жобасында биржада сатылатын металдар үшін Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін 50%, басқа қатты пайдалы қазбалар үшін 30% арттыру көзделген. Бұл ретте 2022 жылдың 31 желтоқсанынан кейін өндірісі басталатын жаңа кен орындарын бес жылға дейінгі мерзімге 15% табыс деңгейіне жеткенге дейін Пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату ұсынылады.

Сонымен қатар салық салынатын табыстың 3% мөлшерінде байланысты резидент емес тұлғалардан сатып алынған материалдық емес қызметтерге шегерімдерді шектеуді де қарастырады.

Еуразиялық экономикалық комиссия аясындағы келісімді орындау мақсатында темекіге акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңімен көтеру ұсынылып отыр. Сонымен қатар темекі өнімдерінің басқа түрлеріне де акциздерді кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады. Қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемесін темекіге акциз ставкаларының 70%-ы деңгейінде белгілеу, сонымен бірге өлшем бірлігін килограммнан данаға ауыстыру ұсынылады.

Заң жобасында сонымен қатар цифрлық тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және спутниктік байланыс үшін салық салу мәселелерін реттеу туралы нормалар қарастырылған. Сонымен қатар салықтық әкімшілендіру бөлігінде нақтылау нормалары енгізіліп жатыр.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл