482.32
553.37
5.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сенаторлар заңға түзету енгізді: әкелердің балаға күтімі еңбек өтіліне қосылады
Жаңалықтар

Сенаторлар заңға түзету енгізді: әкелердің балаға күтімі еңбек өтіліне қосылады

19.03.2026
мин
0
107
Сурет: Time.kz

Қазақстанда жаңа еңбек және әлеуметтік қорғау заңы қабылданып, жұмыс істемейтін әкелердің балаға күтім жасаған уақыты еңбек өтіліне есептелетін болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады. Бұл құжат қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту, еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру және азаматтардың әлеуметтік қорғалуының деңгейін арттыруға бағытталған.

Негізгі өзгерістер:

Әкелердің балаға күтімі еңбек өтіліне қосылады – енді жұмыс істемеген уақыт есепке алынады;

Жазатайым оқиғалар кезінде өтемақы мен жәрдемақылардың көлемі артады;

Еңбек қауіпсіздігі маманы тікелей ұйым басшысына бағынады;

Жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мөлшері ұжымдық шартта белгіленеді;

Ереуіл кезінде қауіпті өндірістер тоқтамайды, ал татуластыру комиссиясы делдал арқылы жұмыс істейді;

Қызметкерлерге диеталық емдік және профилактикалық тағам өнімдерін беру міндетті болды.

Сенатор Руслан Рүстемов заңның қызметкерлердің құқықтарын қорғауға, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және әлеуметтік қорғалуды жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Заң екі оқылымда қаралып, депутаттар тарапынан қабылданды.

Бұл өзгерістер қызметкерлерге нақты жеңілдік әкеліп, әсіресе отбасы мен жұмысты үйлестіретін әкелер үшін маңызды болып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл