Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сербиядан Қазақстанға қылмыстық топ мүшесі экстрадицияланды
Жаңалықтар

Сербиядан Қазақстанға қылмыстық топ мүшесі экстрадицияланды

06.12.2023
1 мин
0
1097
Фото: Бас прокуратура видеосынан алынған

Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz, Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заңбұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

"Биыл 18 қарашасында "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады. Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Осыған байланысты күдіктілерге қатысты соталды тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Жасаған қылмыстары үшін мүлкін тәркілеу мен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір ұсталған күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айта кетейік, фигурант Қазақстан мен Сербия арасындағы "Ұстап беру туралы" шарты бойынша экстрадицияланған. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл