Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда көліктерге тексеріс күшейді. Бұл туралы қаланың 'кология басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомство мәліметінше, тексеріс ауаның ластануын азайтуға, газдың зиянын бағалауға, көліктер арасындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
- 4-10 қазан аралығында мамандар 224 көлікті тексерді. Оның 138-і бензинмен немесе газбен жүрсе, 23-інде зиян заттар рұқсат етілген мөлшерден асып кеткен. 64 дизельді көліктің жартысына жуығы (26) уыттылық пен түтін шығару нормаларынан асып кеткен, - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда күн сайын миллионнан аса көлік жүретіні белгілі болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлімдеді.