Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шерзат Болат ісі: Судья сот процесіне қатысты пікір білдірген блогерлерге ескерту жасады
Жаңалықтар

Шерзат Болат ісі: Судья сот процесіне қатысты пікір білдірген блогерлерге ескерту жасады

15.05.2025
1 мин
0
241
Сурет: Telegram/Жоғарғы сот

Бүгін, 15 мамырда Шерзат Болаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот отырысында судья Ержан Жанұзақов әлеуметтік желіде бұл іске қатысы жоқ блогерлер мен азаматтардың тергеу және сот процесіне қатысты жеке пікір таратып жатқанын айтып, оларға ескерту жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Әлеуметтік желіде кейбір азаматтар мен блогерлер тергеу мен сот процесіне қатысты өз пікірін білдіріп, субъективті баға беруде. Бұл – жол берілмейтін жағдай. Қазақстан Конституциясының 75-бабының 1-тармағына сәйкес, елімізде сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот қызметіне кез келген араласуға тыйым салынады және мұндай әрекет заңмен жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін процесс бойынша түсініктеме беруге, әсіресе құқықтық баға жасауға болмайды. Сот істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі бейтарап зерттеп, айыптау және қорғау тараптарының дәлелдерін қарастырады. Істі қарайтын судья тәуелсіз әрі әділетті болуы тиіс, қандай да бір мүдделі тараптың ықпалына түсуге жол берілмейді. Қазіргі уақытта іс сот тергеу сатысында, ал түпкілікті шешім әлі шығарылған жоқ. Сот тек объективті және нақты дәлелдер негізінде ғана үкім шығарады. Сондықтан, үкім шыққанға дейін сотқа қысым көрсетуге, дәлелсіз сын айтуға немесе субъективті пікір таратқан дұрыс емес. Мұндай әрекеттер кей жағдайларда сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін. Сот жүйесіне құрметпен қарау және оған сенім білдіру – құқықтық мемлекет пен әділ сот төрелігінің маңызды қағидаттары. Осыған орай, блогерлер мен желі қолданушыларын арандатушылық сипаттағы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз, – деді судья.

Сондай-ақ, Ержан Жанұзақов сот процесінің ашық түрде өтіп жатқанын және шығарылатын үкімнің әділ әрі дәлелдерге негізделетінін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл