Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін, 28 сәуір күні, Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысы жалғасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылдың 28 сәуірінде сағат 10:00-ге Шерзат Болаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы жоспарланған.
Ашық түрде өтетін сот процесін Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Сот отырысы Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде.
Еске салайық, аталған қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуірде өткен болатын. Ал 17 сәуір күні негізгі сот процесі басталды. Бұл іс бойынша айыпталушылар орнында 9 адам бар.
Басты айыпталушы — Шынасыл. Ол Шерзат Болатты өлтірді, оның ағасына қатысты кісі өлтіруге оқталды және бұзақылық жасады деген айыптармен күдіктелуде.
Сонымен қатар, Сакиевке кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық, Тоқтаубаев А.-ға бұзақылық пен марқұмның ағасының ұялы телефонын ұрлау, ал Әскентай, Белғожаев, Ильясов, Тоқтаубаев Н. және Қалиахметке бұзақылық жасау фактілері бойынша айып тағылған. Кәмелетке толмаған Ы. болса, қылмыс туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылып отыр.