Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облыстық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты апелляциялық сот өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облыстық соты 18 тамызда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі қайта қарады. Сегіз сотталушының қорғаушылары берген апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмай, бірінші сатыдағы сот үкімі күшінде қалды.
Сот отырысы офлайн форматта өтті. Бейнетүсірілім жасауға тыйым салынған.
Бұған дейін, 5 маусым күні алғашқы сот үкімі шыққан болатын. Онда тоғыз айыпталушы түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған еді:
• Абзал Шынасыл — 23 жыл
• Равиль Сакиев — 20 жыл
• Азамат Тоқтаубаев — 15 жыл
• Нұрқияс Ілиясов — 9 жыл
• Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жыл
• Думан Ысқақ — 1 жыл 6 ай
Айта кетейік, Думан Ысқақ шілде айында жазасын өтеп, бостандыққа шыққан.