Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ШҚО-да әйеліне пранк жасаған азамат сотталды
Маман пікірі

ШҚО-да әйеліне пранк жасаған азамат сотталды

17.08.2023
2 мин
21
2353
Фото: egemen.kz

ШҚО Ұлан ауданының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО тұрғыны әйеліне сабақ беруді ұйғарып, ерекше жоспар құрған. Жұбайымен телефон арқылы сөйлескен кезде араларында жанжал туындаған. Әйелі оған көліктің меншік иесі екенін айтып, жолдасының көлікті көп қолданатынына ыза болған. Содан кейін күйеуі оған сабақ беруге шешім қабылдаған. Ол жалған көлік ұрлау жоспарын ойлап тапқан.

Ер адам ағасынан көлікті гаражына апарып беруін өтінген. Кейіннен ол көліктің ұрланғанын хабарлаған.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 419-бабы (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ресми түрде ескертілген. Ер адам жағдайдың салдарын ойламай, болжамды қылмыс туралы қасақана жалған сөз хабарлаған. Сол үшін ол екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.

– Қазіргі уақытта сотталған ШҚО Ұлан аудандық пробация қызметінің есебінде тұр. Азаматпен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сотталған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қатаң бұзбайтынын, әйелімен алдағы уақытта олай қалжыңдаспайтынын айтты, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Ұлан аудандық 1-пробация қызметінің аға инспекторы Шынар Баймуратова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
21 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл