Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ШҚО-да салт-дәстүр мен бүркітшілікті насихаттайтын орталық ашылады
Жаңалықтар

ШҚО-да салт-дәстүр мен бүркітшілікті насихаттайтын орталық ашылады

18.01.2024
мин
0
262

Ұлан ауданында туризм мен мәдениетті дамыту мақсатында ұлттық құндылықтарды насихаттап, келуші туристерді бүркітшілікке баулитын ерекше орталық ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Бұл жайлы ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы және ата-анасымен кездесуі барысында белгілі болды. Бүркітші қыздың әкесі Нұрғайып Ырысұлы құсбегілік және оның ерекшеліктері жайлы кітап шығармақ.

«Бозанбай ауылындағы жер мен климат бүркітшілікті дамытуға қолайлы орын. Сіздің тәжірибеңіз біз үшін өте құнды. Сондықтан осы құсбегілік жайлы кітап, әдістемелік нұсқаулық жасаған жөн. Оның үстіне жоспарлап отырған жаңа орталықта ұлттық тағамдарды шетелдіктерге арнайы мәзірмен әзірлейтін мейрамхана да жұмыс жасауы қажет. Жалпы алғанда Бозанбай жері шетелдік туристерді тартатын аймаққа айналады деп сенемін», – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Ал аты әлемге әйгілі бүркітші Айшолпан жаңа орталықтың бренд-амбассадор маманына айналып, келушілермен өз тәжірибесімен бөліспек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл