| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Полиция ШҚО тұрғынынан 4 кг-дан астам марихуана тапты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынның бірнеше ай бойы қарасора жинап жүргенін анықтады.
Тергеу мәліметінше, ер адам өсімдікті ауданның шеткі аймақтарынан жинап, оны өз үйінде сақтаған. Барлығы 4 келіден астам марихуана тәркіленді.
Күдікті өз түсініктемесінде есірткі затын жеке пайдалану үшін жинағанын айтты. Сонымен қатар, ол қарасораны термиялық өңдеуден өткізіп, тағамдарға қоспа ретінде пайдаланған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы тексерілуде.