Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкент: Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды
Жаңалықтар

Шымкент: Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды

02.11.2022
2 мин
2
1287

Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан, адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

"Тамызда Шымкентте адам саудасымен, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен айналысқан 11 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді.

Олардың 23 қылмыстық іске қатыстылығы дәлелденіп, 18 жәбірленушінің, алтауы кәмелетке толмағандар екені анықталды. Күні кеше ғана адам саудасымен айналысқан тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді", - дейді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Адам саудасына қарсы форумда ол жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ден аса қылмыс соталды тергеуге тіркелетінін түсіндірді. 2019 жылы - 182, 2020 жылы - 111, 2021 жылы - 103, биыл 9 айда - 79 тіркелген.

"Адам саудасымен айналысатын ұйымдасқан топтардың, оның ішінде трансұлттық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолы кесіліп жатыр. 2019 жылы құқық қорғау органдары екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, 2020 жылы - 1, 2021 жылы - 2, 2022 жылы - 6.

Біздің азаматтарды Бахрейн Корольдігіне, Оңтүстік Кореяға және басқа елдерге қанау мақсатында әкететін арналар жойылып жатыр", - деді Нұрмағамбетов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
К
Кундыз 03.11.2022
Смертная казнь им, еще кормить будьте?
Жауап беру
Ж
Ж 02.11.2022
Айуандарды қорлап, түрмеде шіріту керек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл