| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқиға Шымкенттегі Байтұрсынов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаланың көпқабатты тұрғын үйінде қайғылы жағдай тіркелді. Төртінші қабаттағы екі пәтерден үш адамның жансыз денесі табылса, үшінші қабаттағы пәтерден студент қыздың мәйіті анықталған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тұрғындар табиғи газдан улануы мүмкін. Көршілерінің айтуынша, үйге тартылған газ жүйесінде ақаулар жиі болып тұрған. Бұл мәселе бойынша тұрғындар жауапты мекемелерге бірнеше рет шағым түсіргенімен, алайда нақты нәтиже болмаған.
Аталған дерек бойынша полиция «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.