Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте 7 жасар бала қоршалмаған су толы шұңқырға құлап кетіп көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 12 сәуірде кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Баланың денесі 22:00-де тереңдігі шамамен 2 метр, өлшемі шамамен 4х50 метр, суға толы шұңқырдан табылған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлерге арналған септик үшін шұңқыр бірнеше жыл бұрын қазылған. Бірақ жұмыс тоқтап, ашық қалған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кеткен.
Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.