| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, бұл төлем “Алтын” және “Күміс” алқа иегерлеріне, “Батыр ана” атағы бар, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” орденімен марапатталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде төленеді.
Әлеуметтік төлем алушылардың тізімі “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ базасынан алынатыны хабарланды.
Әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы дерек бойынша Шымкентте 67 741 көпбалалы ана бар. Оның ішінде “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері – 13 805, ал 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.
                                                                    
                                                                    Тағы көру