Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Шымкент қаласы бойынша департаменті, прокуратураның үйлестіруімен "Аяла Голд" қаржы пирамидасының жұмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Зергерлік бұйымдар сататын компания кейпінде жасырынып, күдіктілер азаматтарға ай сайын 50–60% көлемінде кепілдендірілген табыс уәде еткен және салынған қаражаттың қауіпсіз сақталатынына сендірген.
Тергеу мәліметінше, төлемдер нақты пайдадан емес, жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жүргізілген. Нәтижесінде 400-ден астам салымшы тартылып, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам қаражат жиналған.
Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа салынып жатқан тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алған. Сот санкциясымен бұл жылжымайтын мүлікке тыйым салынды. Сонымен қатар олар туыстарын қаржылық схемаға тартып, олардың банк реквизиттерін пайдалану арқылы басқа салымшылардан түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.
Ұйымдастырушы екі айға қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.