Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте ірі қылмыстық схема әшкереленді
Жаңалықтар

Шымкентте ірі қылмыстық схема әшкереленді

19.09.2025
мин
0
119

Шымкентте полиция ірі қылмыстық схеманы әшкереледі, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы жүргізілген жұмыстар аясында Шымкент, Алматы және Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты. Күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын 141 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық топтың 4 қатысушысы ұсталды. Оның ішінде: топ басшысы, яғни ұйымдастырушы; дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан екі қатысушы; сондай-ақ қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Іс-шара қалалық прокуратураның үйлестіруімен өткізілді.

Еске салайық, 16 қыркүйектен бастап банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл