453.93
508.72
5.35
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте онлайн-казино арқылы 3,1 млрд теңге айналым жасағандар төрт жылға сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте онлайн-казино арқылы 3,1 млрд теңге айналым жасағандар төрт жылға сотталды

09.10.2026
мин
0
93
Сурет: Ғаламтордан

WhatsApp арқылы ойыншыларды тартқан «Bingo-37» және «Lotoboom» онлайн-казиноларының ұйымдастырушылары төрт жылға сотталды. Қылмыстық жолмен түскен табысқа сатып алынған 200 млн теңгеден астам мүлік мемлекетке тәркіленді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған екі азаматқа сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Bingo-37» және «Lotoboom» интернет-казинолары арқылы жалпы сомасы 3,1 млрд теңге болатын қаржы айналымы жүргізілген.

Ойыншыларды WhatsApp арқылы тартқан

Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары ықтимал ойыншыларға WhatsApp мессенджері арқылы құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберген. Ойынға қызығушылық танытқандарға арнайы аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген. Сонымен қатар ақша аударуға арналған банк шоттарының деректемелері жолданған.

Қаржыны қабылдау және ойыншыларға ұтыстарды төлеу үшін 14 адамның атына ашылған банк шоттары пайдаланылған. Мұндай адамдар дропперлер деп аталады.

Қымбат көліктер мен жер телімдері тәркіленді

Агенттіктің хабарлауынша, заңсыз жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Олардың қатарында BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza және SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар.

Сот шешімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Заңсыз табысқа алынған мүліктің барлығы мемлекет кірісіне тәркіленді.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен азамат ұсталған еді. Сол іс бойынша заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл