Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкентте жаңа туған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды
Жаңалықтар

Шымкентте жаңа туған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

29.04.2025
1 мин
0
91
Сурет: ашық дереккөз

Шымкентте салмағы 1 келі нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шымкент қалалық перинаталды орталығы мен қалалық балалар клиникалық ауруханасының мамандары салмағы небәрі 1 келі болатын 45 күндік сәбиге жүрекке күрделі ота жасады.

Сәби 25 аптасында дүниеге келген. Туған сәтінде оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы 28 сантиметр болған. Дәрігерлер оған "ашық артериалды өзек" диагнозын қойған.

Салмағы 1 келіге жеткеннен кейін дәрігерлер ота жасауға шешім қабылдаған. Операцияны балалар ауруханасының кардиохирургы Асан Жұманов пен перинаталды орталықтың анестезиолог-реаниматологы Ақжол Абдраимов жүргізді.

Мамандардың айтуынша, ота сәтті өткен. Қазіргі таңда баланың жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл