| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласында жедел жәрдем көліктерінің қозғалысын карта арқылы бақылауға мүмкіндік беретін жаңа жоба пилоттық режимде жұмысын бастады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шымкентте 103 жедел жәрдем қызметінің жұмысын цифрландыруға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Енді тұрғындар жедел жәрдем көлігінің қайда келе жатқанын арнайы карталар арқылы бақылай алады.
Жоба Яндекс Go және Яндекс Карталар платформалары негізінде пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жүйе тек I санаттағы, яғни өмірге қауіп төндіретін шұғыл шақыртуларға қатысты қолданылады.
Жаңа мүмкіндіктің арқасында диспетчер шақыртуды қабылдаған сәттен бастап жедел жәрдем бригадасының қозғалысы бақылауға алынады. Пациенттер көліктің нақты орналасқан жерін көріп, оның шамамен қашан жететінін біле алады.
Мамандардың айтуынша, бұл жүйе шақыртуларды өңдеу уақытын қысқартып, диспетчерлік қызметке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық көмектің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді.