481.83
556.8
5.85
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
СІМ паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартуды жоспарлап отыр
Жаңалықтар

СІМ паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартуды жоспарлап отыр

26.03.2026
мин
0
288
Сурет: Gov.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелде тұратын азаматтарға паспорт алу уақытын қысқартуды жоспарлап отыр. Құжатты рәсімдеу мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқаруы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға паспорттарды рәсімдеу уақытын қысқартуға бағытталған өзгерістер жобасын әзірледі. Жобада құжат дайындау мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылады деп көрсетілген.

Сонымен қатар паспорт мазмұны жаңартылып, ескірген нормалар алынып тасталады және қазіргі заңнамаға сәйкестендіріледі. Атап айтқанда, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заң мен Цифрлық кодекс талаптары ескерілген.

Жоба 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды. Қызығушылық танытқан азаматтар өз пікірлері мен ұсыныстарын жолдай алады.

Министрліктің айтуынша, бұл өзгерістер шетелдегі қазақстандықтарға паспорт алу рәсімін жеңілдетіп, құжатты уақытылы алуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл