Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Смайылов полиция жұмысын цифрландыру барысымен танысты
Жаңалықтар

Смайылов полиция жұмысын цифрландыру барысымен танысты

29.08.2023
1 мин
0
386
Фото: Gov.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінде болып, қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану, жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен және жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты, деп хабарлайды Dauletten.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме беріп.

Ведомство басшысы Марат Ахметжанов полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Ішкі істер министрлігі республикадағы қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында «толық қамту» принципімен бейнебақылаулар енгізуде. Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.

«Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы Ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және  полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді. Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600 мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының мекемелері де жаппай бейнебақылаумен қамтылған. Барлығы 18 мың камера орнатылған. Бұл қызметкерлердің және жұмыс процесіне басқа да қатысушылардың іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік береді. Дәл осындай жұмыстар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де жүргізілуде. Атап айтқанда, 52 колонияға 22 мың бейнекамера орнатылған. Бейнебақылауды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ситуациялық орталығы мен прокуратура органдары жүргізеді.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы «Цифрлық полицей» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады. Құрылғы видеоны басшылар мен басқа да тексерушілердің жұмыс орындарына онлайн режимде трансляциялайды. Бейнежетондарға орнатылған бағдарлама полиция қызметкеріне бейнежазбаларды өз бетінше жоюға, құрылғыны өшіруге немесе өзінің отырған жерін жасыруға мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ Премьер-Министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін «Қорғау» жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды. Бағдарлама көше камераларынан алынған деректерді талдай отырып, жақын маңдағы полиция қызметкерінің планшетіне қауіпті жүргізушінің келе жатқаны туралы сигнал береді. Бұл жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушы, я жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі де болуы мүмкін. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл