| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратурамен және «TELE2» мамандарының қатысуымен азаматтардың жеке деректерін ұрлауға бағытталған қылмыстық схема жолын кесті. Бұл әдіс ТМД елдерінде алғаш рет әшкереленді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алаяқтар арнайы SMS-бластер құрылғысын қолданған. Ол 300 метр радиустағы телефондарды жалған желіге қосып, «Beeline» және «Halyk Bank» атынан бонустар туралы жалған хабарламалар таратып отырған.
Сағатына 100 мыңға дейін SMS жіберілген. Хабарламалардағы сілтемелерді ашқан адамдар фишингтік сайтқа түсіп, өздерінің аты-жөні, телефон нөмірі, банк картасы деректері, CVV-коды және SMS арқылы келген растау кодын енгізген.
Нәтижесінде алаяқтар азаматтардың банк шоттарына қол жеткізген. Құрылғылар автокөліктерге орнатылып, адамдар көп жиналатын базарлар мен сауда орталықтары маңында қолданылған.
Қазіргі уақытта 4 күдікті қамауға алынған, тергеу жұмыстары жалғасуда.