Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Соңғы бір ай ішінде тұрғын үй нарығында қандай өзгерістер болды
Баспанаға бағыт

Соңғы бір ай ішінде тұрғын үй нарығында қандай өзгерістер болды

11.06.2024
1 мин
0
912
Фото: inform.kz

Бір жылда (2024 жылғы мамыр 2023 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 2% өсті, ал қолданыстағы пәтерлерді қайта сату 0,1% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы мамырда 4,4% жоғарылады.

Өңірлер бөлінісінде бастапқы нарықта жылдық мәнде баға Ақтөбе – 9,5%, Талдықорған – 8,7% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің лидері – Атырау қаласы (13,8%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған (24,5%), Жезқазған (23,5%) және Қарағанды (23%) қалалары.

 

Бір айдың ішінде (2024 жылғы мамыр 2024 жылғы сәуірге) жаңа тұрғын үйді сату 0,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,2% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі мамырда өткен аймен салыстырғанда 1,3% жоғарылады.

 

2024 жылғы мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 071 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 668 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 403 мәміле жасалды. 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 248) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғысынша, Алматы (6 427 – 20,7%) және Астана (4 467 – 14,4%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 687 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 344 бірлік (1,1%).

2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда сәуірде ең жоғары өсім Алматы (+29,9%) қаласында, Солтүстік Қазақстан (+20,5%) және Қостанай (+17,3%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу көшбасшылыққа қарамастан Астана қаласында (-20,0%) және Қызылорда (-17,5%), Алматы (-17,1%) облыстарында орын алды.

2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны тұрақты болып қалып отыр, тек 0,1%-ға (15 мәмілеге) азайды. 2024 жылдың мамыр айында пәтерлер бойынша барлығы 23 403 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,3%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (25,3%), Астана (18,6%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың мамыр айында олар бойынша 9 440 мәміле ресімделген.

2024 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 2024 жылдың мамырында жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 2,1%-ға немесе 162 мәмілеге азайды. Мамырда барлығы 7 668 мәміле тіркелген. Ең жоғары өсім Ақтөбе (+40,4%), Ақмола (+29,5%) және Қостанай (+26,5%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Түркістан (-18,8%), Атырау (-18,7%) және Павлодар (-13,8%) облыстарында орын алды.

2024 жылдың мамырында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 21,4%-ға көбейген, ол кезде 25 588 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Алматы қаласында (49,4%-ға) байқалды, ең үлкен төмендеу – Қызылорда облысында (8,6%-ға). 2024ж. қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санының 2023ж. қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда динамика 16,4%-ға жоғарылады.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл