Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
СҚО әкімі Петропавл маңындағы су басқан аумақты қайықпен аралады
Жаңалықтар

СҚО әкімі Петропавл маңындағы су басқан аумақты қайықпен аралады

28.04.2025
1 мин
0
138

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының жанындағы Заречный ауылын қайықпен аралады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. Аталған ауыл биыл да су тасқынына ұшырады.

Бұл туралы облыс басшысы өз әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

- Есіл өзенінің жайылмасында орналасқан, жыл сайын су тасқыны болатын Заречный кентіне қайықпен бардым. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, су тұрғын үйлерге енген жоқ, — деп жазды әкім.

Оқиға орнында қалалық әкімдік қызметкерлері, құтқарушылар мен полиция жұмыс істеуде. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, қорғаныс бөгеттері бекітілген. Барлығы 200 адам жұмылдырылған.

- Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қолға алынды. Қызметкерлердің еңбегі үшін алғысымды білдіремін, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Сондай-ақ өңір әкімі ауыл тұрғындарымен кездескенін айтты.

- Мәселенің жүйелі екенін ескере отырып, Заречный тұрғындарын қауіпсіз аумаққа көшіру туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда екі көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Бұл тұрғын үйлерге Заречный ауылынан көшірілетін отбасылар орналастырылады. Құрылыс белгіленген мерзімге сай жүріп жатыр, жыл соңына дейін тұрғындар жаңа жайлы баспаналарға қоныстанады, — деп түйіндеді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл