Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
СҚО: Бюджет қаражатын жымқырған бөлім басшысы 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

СҚО: Бюджет қаражатын жымқырған бөлім басшысы 8 жылға сотталды

07.08.2025
1 мин
0
579
Сурет: www.gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданында прокуратура органдары жүргізген тексеру нәтижесінде 15,9 млн теңге көлемінде бюджеттік қаражаттың жымқырылғаны анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен қамтамасыз етуге арналған құрылғыны сатып алу туралы кәсіпкермен жалған келісімшарт жасаған. Тергеу барысында кәсіпкердің заңсыз әрекеттерге қатысы жоқ екені дәлелденді.

Аталған факт бойынша 2024 жылғы 6 шілдеде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

2025 жылғы 30 маусымда Тайынша аудандық сотының үкімімен бөлім басшысы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқаруға тыйым салынды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл