Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
СҚО-да 39,8 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар

СҚО-да 39,8 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

06.08.2025
1 мин
0
91
Сурет: www.pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында білім бөлімінің бухгалтері 39,8 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Прокуратураның ақпаратына сәйкес, 2021 жылғы қаңтар мен 2024 жылғы сәуір аралығында бухгалтер білім беру ұйымдары қызметкерлерінің атына заңсыз жалақы аударып, қаражатты иемденіп отырған. Жымқыру фактілері бюджет қаражатын жұмсау заңдылығына жүргізілген тексеру кезінде анықталған.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

2025 жылғы 28 наурызда Айыртау аудандық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, мемлекеттік және қаржы ұйымдарында 7 жыл бойы материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелген. Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде білім бөлімінің басшысы да қызметінен босатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы бюджет қаражатын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында жұмысын жалғастыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл