Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
СҚО-да болған жарылыс: екі адамның жағдайы ауыр
Жаңалықтар

СҚО-да болған жарылыс: екі адамның жағдайы ауыр

27.06.2025
мин
0
452
Сурет: видео кадрдан

Солтүстік Қазақстан облысындағы өрттен зардап шеккен сегіз адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, науқастардың жағдайы тым ауыр. Екеуі де газ құю бекетінің қызметкері, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға кеше кешкісін Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы "Тайынша-Май" серіктестігінің аумағында болған. Сұйытылған газ тасымалдаған көлік өртеніп, жалын 50 шаршы метр аумаққа жайылған. Салдарынан жер астындағы 6 цистерна өртенген. Апаттың мән‑жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

- Ауруханаға 1979 және 1994  жылғы екі науқас 2,3-ші дәрежелі күйікпен травматикалық шок жағдайында түсті. Біреуінің денесінің 80-85 пайызын, екіншісінің денесінің 35 пайызын  күйік шалған. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Интенсив терапия жүргізіліп жатыр. Науқастарды Астана қаласындағы көпбейінді күйік бөліміне ауыстыру мәселесін қараcтырып жатырмыз. Тағы бір науқас ауруханаға жатқызылды, екеуі амбулаторияға жіберілді", - дейді Ақмола облысы көпбейінді ауруханасының дәрігері Нұржан Өтелбеков

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл