460.37
531.87
5.82
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Стамбулда қазақстандық қаза тапты: оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды
Жаңалықтар

Стамбулда қазақстандық қаза тапты: оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды

07.04.2026
мин
0
116
Сурет: haberler.com

Стамбулда Қазақстан азаматының қаза табуына байланысты істің мән-жайы нақтыланып жатыр. Тергеу барысы туралы тың мәліметтер жарияланды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Түркияның Стамбул қаласында болған атыс салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам қаладағы Фатих ауданында белгісіз біреудің қарулы шабуылына ұшыраған. Ауыр жарақат алған ол дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Құқық қорғау органдары жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің оқиға орнынан көлікпен қашып кеткені анықталған. Кейін олардың елдің батысындағы шекараға қарай бет алғаны белгілі болды. Арнайы операция ұйымдастырылып, оған заманауи техникалар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары да тартылған.

Нәтижесінде екі күдікті шекара маңында, елден жасырын өтпек болған кезде қолға түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, олар шетел азаматтары. Қазіргі уақытта күдіктілер полицияға жеткізіліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, күдіктілер мінген көліктің жүргізушісі де тексеріліп жатыр. Ол заңсыз тасымалдауға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі аталған оқиғаны растады.

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты орын алған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Мәселе бақылауда, - деп хабарлады ведомстводан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл