Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорғаныс министрлігіне әскерге шақыру мерзімдерін ЖОО-ға қабылдау кестесімен сәйкестендіру туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, қазір ҰБТ тапсыру мен оқуға түсуді күту кезеңінде кейбір талапкерлерді әскерге шақырып, оқу мүмкіндігінен айырып жатады. Мысал ретінде ол Назарбаев университетіне түскісі келген талапкердің әскерге шақырылғанын келтірді.
- Біздің жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдері мен әскерге шақыру уақыты сәйкес келмейді. ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді, ал нәтижелер шілде айының соңына қарай белгілі болады. Сол уақытқа дейін талапкерлерді әскерге шақырмай, күте тұруды ұсынып отырмыз, – деді Саясат Нұрбек.
Министр мәселе талқыланып жатқанын атап өтті.