| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Баспана субсидиясын алушыларға қатысты өзгеріс жарияланды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу шығындарын субсидиялау бағдарламасына бақылау күшейтілмек. Жаңа тәртіп келесі жылдың 12 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Өзгерістерге сәйкес, әкімдіктер мен Отбасы банк мемлекеттік қолдау алатын азаматтардың жалға алған баспанасында нақты тұрып жатқанын тексеріп отырады. Бақылау тек әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатысты жүргізіледі.
Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, жетім балалар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар тексеріледі. Қазіргі таңда мемлекет аталған санаттағы азаматтардың тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялайды.
Жаңа шараның мақсаты – жалған құжаттар арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу фактілерінің алдын алу. Осыған байланысты мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу жүйесі күшейтіліп, тұрақты мониторинг жүргізілмек.
Сонымен қатар мемлекеттік субсидия алмайтын азаматтар үшін ешқандай өзгеріс болмайды. Қарапайым пәтер иелері мен жалға алушыларға қатысты қосымша тексеру қарастырылмаған. Сондай-ақ құзырлы органдардың тұрғын үйге заңсыз кіруге немесе тінту жүргізуге құқығы жоқ.
Сарапшылар бірнеше пәтерге иелік ететін азаматтарға қатысты ықтимал салықтық өзгерістер жалдау нарығындағы бағаның өсуіне әсер етуі мүмкін екенін айтып отыр.