Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сырым ауданы прокуратурасының тексеру нәтижесінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы жол құрылысы кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу барысында бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барғаны, соның салдарынан мемлекетке 56 миллион теңгеден астам залал келтіргені дәлелденді.
Сырым аудандық соты ол кісіні кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекет пен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.