477.11
545.58
6.2
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сыйлық ұтқанына қуанған әйел кейін өз атына несие рәсімделгенін білген
Жаңалықтар

Сыйлық ұтқанына қуанған әйел кейін өз атына несие рәсімделгенін білген

13.07.2026
мин
0
147
Сурет: ЖИ көмегімен

Көкшетау қаласының тұрғыны тұрмыстық техника таныстырылған жарнамалық акцияға қатысқаннан кейін өз атына 406 мың теңге көлемінде несие рәсімделгенін анықтады. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің араласуымен сатып алу-сату шарты бұзылып, несие толықтай жойылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көкшетауда өткен тұрмыстық техникаға арналған жарнамалық акция күтпеген жағдаймен аяқталды. Шараға қатысқан әйел кейін өзінің атына 406 мың теңге көлемінде несие рәсімделгенін білген.

Оның айтуынша, презентация барысында ұйымдастырушылар әйелге тегін аэрогриль ұтып алғанын айтып, қосымша сыйлық ретінде мұз еріткіш құрылғы мен таба табыстаған. Алайда кейінірек сол іс-шара кезінде оның атына сатып алу-сату шарты жасалып, Kaspi QR арқылы несие рәсімделгені белгілі болған.

Осыдан кейін тұрғын Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Мамандар оған құқықтық көмек көрсетіп, мәселені сотқа жеткізбей шешуге ықпал еткен.

Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде тараптар сатып алу-сату шартын бұзу туралы келісімге қол қойған. Соның нәтижесінде шарттың күші жойылып, тұтынушының қаражаты қайтарылған, ал 406 мың теңгелік несие толықтай күшін жойған.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес әрбір азамат тауардың бағасы, сатып алу шарттары және өзіне жүктелетін қаржылық міндеттемелер туралы толық әрі нақты ақпарат алуға құқылы, – деп еске салды ведомство.

Мамандар азаматтарға кез келген құжатқа қол қоймас бұрын оның мазмұнын мұқият оқып шығуға, жарнамалық акциялардың әсерімен асығыс шешім қабылдамауға және құқықтары бұзылған жағдайда уәкілетті органдарға дер кезінде жүгінуге кеңес береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл