Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тағы бір банк лицензиясынан айырылды
Жаңалықтар

Тағы бір банк лицензиясынан айырылды

25.06.2021
1 мин
0
1578

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "CapitalBank Kazakhstan" АҚ банк және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге берілген лицензиядан айырылғанын хабарлады. 

Бұл шешімге банктің пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзуы, қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде орындамауы, банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамауы, Capital Bank Kazakhstan банкінің төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызылуы себеп болған.

Лицензиядан айырылған күнгі ақпарат бойынша банк активтерінің мөлшері 38,5 миллиард теңге, кредит портфелі 33,9 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 30,4 миллиард теңге немесе банктің кредит портфелінің 89,8%-і – 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер.   

Банктің өтімді активтерінің мөлшері 149 миллион теңгені құрайды, орындалмаған клиент төлемдерінің көлемі 15,0 миллиард теңгеден асады.

Агенттік банкке пруденциялық нормативтерді орындамауына байланысты 29 қадағалап ден қою шарасын қабылдап, 67 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Былтыр банк акционері банктің қаржылық жағдайын жақсартуға қатысты жоспарын ұсынды. Осылайша сол жоспарды орындау барысында агенттіктің қатаң бақылауымен банк 2020 және 2021 жылдары банктің депозиторлар алдындағы 31 миллиард теңге сомасындағы міндеттемелерін төмендетті. Сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан маңызды мекемелер (мектептер мен ауруханалар) алдындағы міндеттемелер толығымен және квазимемлекеттік сектор алдындағы міндеттемелердің айтарлықтай бөлігі өтелді.

Банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 99%-нің депозиттері "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-тың кепілдігімен толық көлемде өтеледі.

Барлық сұрақ бойынша Capital Bank Kazakhstan АҚ-тың уақытша әкімшілігіне +7 (727) 331 66 77 телефоны арқылы хабарласуға болады.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл