Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Талапкерлер арасында сұранысқа ие қай мамандық?
Жаңалықтар

Талапкерлер арасында сұранысқа ие қай мамандық?

19.07.2023
1 мин
0
770
aikyn.kz

19 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Ведомство хабарлауынша, талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың).

Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында:

  • «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың);
  • «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың);
  • «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) болып отыр.

Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» – 9 мың. Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында – «Медицина», оны 4 мың талапкер таңдаған.

« 20 шілде грант конкурсына өтініштер қабылдаудың соңғы күні болып табылады. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады», - деп ескертеді мамандар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл