Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінен 12 жерден пышақ жарақаттары бар әйел-администратордың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Марқұмның денесі қонақүйде шыққан өртті сөндіру кезінде анықталған. Өрт бірінші қабатта тұтанған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс ізін жасыру мақсатында ғимарат қасақана өртелуі мүмкін.
- 24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінің тіркеу бөлімінде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт сағат 04:29-да толық сөндіріліп, 35 адам эвакуацияланды, – деп мәлімдеді Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Полиция өкілдері бұл оқиға бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын және күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды, – делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында.