488.37
559.77
6.64
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Талдықорғанда “синтетика” таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды
Жаңалықтар

Талдықорғанда “синтетика” таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды

19.06.2026
мин
0
62

Құқық қорғау органдарының жүйелі және мақсатты жұмысының нәтижесінде қоғамға, әсіресе жастарға қауіп төндіретін тыйым салынған заттарды тарату арналарының жолы кесілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Талдықорғанда синтетикалық есірткіні өткізумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұстады. Олар — Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны мен Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жеке тінту және кейінгі тергеу әрекеттері барысында олардан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар, сондай-ақ есірткілерді өлшеп-орауға және таратуға арналған заттар тәркіленді.

Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы уақытша тұрып жатқан мекенжайларында жүргізілген тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен олардың заңсыз қызметпен айналысқанын айғақтайтын құрал-жабдықтар анықталды.

Есірткінің заңсыз айналымы азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіріп, адамдардың тағдырын бұзып, қылмыстың өсуіне ықпал етеді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесу — құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 260 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыс үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл