Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыдағы жетімдер үйінен 6 бала асырап алған Қарқаралы ауданының тұрғыны 2018 жылы отбасы типінде балалар үйін ашқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеушілердің мәліметінше, отбасы 2018 жылы балалар үйін ашып, алты жеткіншекті асырап алған. Оларды бірден малға салып, қора-қопсысын қаратып, қара жұмысқа жеккен. Тіпті балалардың ботқасына "малдың тезегін қосып берген". Үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған.
Балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін тыртық анықталған. Ең кішісінің басы жарылып, орнына пластина салынған.
Алты баланың тәрбиесіне ай сайын төленетін 300 мың теңгені өздері жаратқан.
Үш бала туған әжесіне тапсырылды. Қалғаны балалар үйіне қайтарылды.
Ауданның қорғаныш бөлімі жұмысындағы олқылық ашылды. Ал ерлі-зайыптылар заң алдында жауап береді.